Шетелге шығуға арналған сақтандыру

0 күндер
ш.б.
Цена на данный регион начинается с до
Необходимо указать тип Вашей поездки
+
Шетелге шығуға арналған сақтандыру

ШЕТЕЛГЕ ШЫҒУҒА САҚТАНДЫРУ

Шетелге шығуға арналған медициналық сақтандыру дегеніміз не? promarket.kz сайтында сіз сақтандыру құнын есептеп және үйден шықпастан және біраз уақытыңызды үнемдеп шетелге шығуға сақтандыруға тапсырыс бере аласыз! Сізге саяхатқа шығуға арналған туристік сақтандыруды ресімдеу үшін сақтандыру компаниясының кеңсесіне баруға уақыт жұмсау қажет болмайды.

PROMARKET.KZ САЙТЫНДАҒЫ ТУРИСТІК ВИЗА ТАПСЫРЫСЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Біздің сайтта сіз шетелге шығатындарға арналған сақтандырудың нақты құнын лезде біле аласыз. Сіз тек өз деректеріңізді көрсетсеңіз болды, біз сізге Қазақстанның жетекші сақтандыру компанияларының барлығындағы полис сатып алу нұсқаларын ұсынамыз.

ВИЗА АЛУ ҮШІН САҚТАНДЫРУ

Сіз виза алу үшін жол жүру мерзімін сақтандыру талап етілетін жағдайға әлденеше рет тап болған боларсыз.Әлемдегі көптеген елдерге бару үшін сізге виза алуға арналған туристік сақтандыру қажет болады. Олардың арасында ең басты елдер - Шенген: Франция, Германия, Италия, Испания. Сондай-ақ Ұлыбритания мен АҚШ-на виза алуға арналған сақтандыру ерекше танымалдыққа ие.

ТУРИСТІК САҚТАНДЫРУ

Демалыста сіз барынша бой жазуыңыз керек және ұсақ-түйек мәселелердің барлығын жиыстырып қоюыңыз қажет. Туристік сақтандыру сізге сенімдік береді. Егер сіздің саяхатыңыз белсенді және төтенше демалыспен немесе спорттың төтенше түрімен байланысты болса, сақтандырудың болуы өте маңызды. Шетелде алған кез келген жарақат сізге көп материалдық қиындықтар әкелуі мүмкін. Сондықтанда егер сіз тау шаңғысы курортына немесе серфингпен айналысу үшін Коста Браво жағалауына жиналған болсаңыз, promarket.kz. сайтынан сақтандыру полисын міндетті түрде алыңыз. Сонымен бірге бұл сақтандыру виза алу үшін де жарамды. Маңызды: кейбір визалар үшін минималды төлеу сомасы 30.000 ш.б. болуы тиіс, мұқият болыңыз және виза алуға арналған құжаттар тізімін қараңыз. promarket.kz сайтында сіз көрсетілетін қызмет құнын салыстыру, ең пайдалы сақтандыру компаниясын таңдау және онлайн полис алу мүмкіндігіне ие боласыз. Бұл жерде сізге полис құнын лезде есептейтін және арзан туристік сақтандыруды таңдауға жәрдемдесетін біздің ерекше туристік сақтандыру калькуляторы көмектеседі.

ЕНЖАР ДЕМАЛЫС:

Егер сіз мұражайларға экскурсияға бару және жағажайда демалу сияқты енжар демалысты жоспарлайтын болсаңыз, онда өзіңізді минималды сомаға (15 мың доллар/евро) сақтандырыңыз – осылайша сіз туристік сапарды сақтандырудан қосымша үнемдейсіз.

ШШ САҚТАНДЫРУ

ШШ сақтандыру – шетелге шығуға арналған сақтандыру ретінде түсіндіріледі. Promarket.kz – сақтандырудың нақты құнын есептейтін және сіз үшін таңдаулы онлайн-ұсыныс таңдайтын арнайы ШШ калькулятор.

ОНЛАЙН САҚТАНДЫРУ:

Онлайн сақтандыру – бұл туристер мен саяхатшылар үшін сақтандыру алудың жаңа және ыңғайлы тәсілі және бірталай уақыттарыңыз бен ақшаларыңызды үнемдейді. Сіз тек өзіңіз жоспарлаған сапардың деректерін көрсетесіз, ал бағдарлама сізге сақтандырудың түрлі нұсқаларын ұсынады.

ШЕТЕЛГЕ ШЫҒУҒА САҚТАНДЫРУ:

Сіз шетелге саяхатқа жиналдыңыз ба? Біздің сайтта полис құнын есептеу арқылы қолайлы баға бойынша онлайн полис алуды ұмытпаңыз. Бұл уақытты үнемдеп және үйден шықпастан полис алудың қарапайым және ыңғайлы тәсілі. Шетелде емделу құны өте жоғары болғандықтан, сақтандыру болмаған жағдайда дәрігердің көрсететін қызметі үшін сізге бірнеше мың еуро төлеу қажет болатындықтан шетелдегі демалысты сақтандыру өте маңызды. Полис құны өте төмен және баратын еліне және болатын уақытына байланысты есептеледі, шетелге шығуға арналған сақтандыру полисын сатып алуды елеусіз қалдырмаңыз, ол сіздің көп уақытыңызды және ақшаңызды үнемдейді.

ШЕТЕЛГЕ ОҚУҒА БАРУҒА АРНАЛҒАН САҚТАНДЫРУ:

Сіз шетелге, мысалы Біріккен Әмірліктерге немесе Америка Құрама Штаттарына оқуға баруға жиналдыңыз ба. promarket.kz сайтында сіз әлемнің кез келген елінде шетелде оқуға арналған сақтандыруға тапсырыс бере аласыз. Біз сізге ең тәуір ұсыныстарды таңдап береміз, сақтандырудан үнемдеуге көмектесеміз және консультация береміз.